Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы кім

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: Instagram/ufcfra

Белгілі спортшы, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы отандық спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"6 мамырға дайындалып жатырмыз", - деді ол.

Sports.kz басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегі Америка Құрама штаттарының Ньюарк қаласында (Нью-Джерси штаты) өпек.

Оның қарсыласы - 26 жастағы бразилиялық Рафаэль Рамос Эстевам.

Бразилиялық спортшы ММА-дегі мансабын 2015 жылы бастаған, алайда соңғы жылдары жиі октагонға көтерілмеген.

Айта кетейік, Рафаэль Рамос Эстевам 11 айқаста қарсыласынан басым түскен және оның жетеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2016514-zalgas-zumagulovtyn-kelesi-qarsylasy-kim/

pixel