Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәмила Бақбергенова күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Жәмила Бақбергенова: olympic.kz

Күрестен Астанада өтіп жатқан Азия біріншілігінде қазақстандық Жәмила Бақбергенова чемпион атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, жеңіске жетті. Ол ақтық сында жапониялық Симуре Никураны 5:1 есебімен ұтты.

Айта кетерлігі, Жәмила аталған спортшыны былтырғы Азия біріншілігінің финалында да жеңген болатын.

Осылайша, Жәмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2020 және 2022 жылдары құрлық додасында жеңіске жеткен еді.

Астанадағы Азия біріншілігінде Қазақстан әйелдер командасы екі алтын еншіледі. Кеше Эльмира Сыздықова 76 келі салмақта жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016539-zamila-baqbergenova-kuresten-us-durkin-aziya-cempiony-atandy/

pixel