Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер ситиге" қарсы матчтан кейін "Баварияның" футболшылары өзара төбелесті

Опубликовано:

футболшы
Садьо Мане жасыл алаңда. Фото: "Бавария" футбол клубының баспасөз қызметі

"Манчестер ситиге" қарсы ойыннан кейін "Бавария" ойыншылары Садио Мане мен Лерой Сане төбелесіп қалды, деп хабарлайды РИА Новости Bild басылымына сілтеме жасап.

Сейсенбі күні Чемпиондар лигасының алғашқы матчында "Манчестер сити" өз алаңында "Баварияны" 3:0 есебімен ұтты. 83-минутта Сане әріптесі Маненің әрекетіне көңілі толмайтынын білдірген. Бұл сәт видеоға түсіп қалады.

Басылым мәліметінше, жанжал киім ауыстыратын бөлмеде жалғасын тапқан. Текетірес кезінде Мане Санеге шабуыл жасап, оған соққы жұмсаған.

"Бавария" клубы бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016610-mancester-sitige-qarsy-matctan-keiin-bavariyanyn-futbolsylary-ozara-tobelesti/

pixel