Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Польша арасындағы матчтың жеребесі тартылды: Рыбакинаның қарсыласы кім

Опубликовано:

теннис
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Астанада Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.

Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні Астана уақытымен сағат 13.30-да кортқа шығады.

Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковскаға кезек келеді.

Сенбіге Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындаға Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған.

Сенбі күнгі ойындар да 13.30-да басталады.

Жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016654-qazaqstan-men-polsa-arasyndagy-matctyn-zerebesi-tartyldy-rybakinanyn-qarsylasy-kim/

pixel