Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліп жатқан қазақ балуаны соңғы он секундта қарсыласын қапы қалдырды

Опубликовано:

Рахат Қалжан белдесу үстінде
Рахат Қалжан. Фото: uww.org

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Рахат Қалжан қола медаль жеңіп алды. Кіші финалда ол моңғолиялық Занабазаар Занданбудпен белдескен болатын.

Кездесу барысында Рахат 1:4 есебімен ұтылып жатты. Ал жекпе-жек аяқталуына шамамен он секундтай уақыт қалғанда ол қарсыласын алып ұрып, жауырынын жерге тигізді.

Белдесу 5:4 есебімен Рахаттың жеңісімен аяқталды. Десе де, моңғолиялық бапкерлер мұнымен келіспей, челлендж тастаған болатын.

Видеоқайталауда Рахаттың қарсыласын таза жеңгені анықталып, төрешілер 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Рахат Қалжан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Былтыр ол құрлық додасының финалында сүрініп, күміс иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016682-zenilip-zatqan-qazaq-baluany-songy-on-sekundta-qarsylasyn-qapy-qaldyrdy/

pixel