Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финалда өзбек балуанын ұтқан Санжар Досжанов тұңғыш рет алтын алды

Опубликовано:

Санжар Досжанов кілемде
Санжар Досжанов. Фото: uww.org

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Санжар Досжанов алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Санжар финалда өзбек балуаны Зафарбек Отахановты жеңді. Тартысты кездесу 2:0 есебімен қазақ спортшысының пайдасына шешілген.

Осылайша, Санжар Досжанов өз мансабында тұңғыш рет Азия чемпионы атағын иеленіп отыр.

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта турнирдің қола жүлдегері атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2016692-finalda-ozbek-baluanyn-utqan-sanzar-doszanov-tungys-ret-aziya-cempiony-atandy/