Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейірім Нұрсұлтанов титулдық жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

Опубликовано:

Мейірім Нұрсұлтанов
Мейірім Нұрсұлтанов шаршы алаңда. Фото: David Spagnolo/Main Events

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен титулдық жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Титулдық кездесуде отандық боксшы Жапония өкілі Кадзуто Такесатомен жұдырықтасты.

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды.

Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO International белбеуін сәтті қорғады.

Бұл - қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіпқой рингтегі 19-жеңісі (оның он бірін мерзімінен бұрын аяқтаған).

Ал Мейірімнің жапониялық қарсыласы мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2016894-meiirim-nursultanov-tituldyq-zekpe-zekte-qarsylasyn-nokautqa-tusirdi/

pixel