Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарсыласын нокаутпен жеңген отандық боксшы ел тұрғындарына үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

бокс
Көрнекі фото: pexels.com

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен титулдық жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірген Мейірім Нұрсұлтанов үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы отандық былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті ағайын, кәсіпқой бокстағы 19 жеңісіме қол жеткіздім! Қолдау білдіргендеріңіз үшін барлықтарыңызға рақмет. Келесі белес - чемпиондық белбеу!" - деді Мейірім Нұрсұлтанов.

Айта кетейік, Титулдық кездесуде отандық боксшы Жапония өкілі Кадзуто Такесатомен жұдырықтасты. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды. Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO International белбеуін сәтті қорғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2016914-qarsylasyn-nokautpen-zengen-otandyq-bokssy-el-turgyndaryna-undeu-zasady-video/

pixel