Қажылықта жүрген Шавкат Рахмонов анасымен түскен суретін жариялады (фото)
Опубликовано:

Аралас жекпе-жек шебері, UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов көпшілікке анасын таныстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында анасымен түскен суретін жариялап, жазба қалдырды.
"Жаннат Аналарымыздың аяғының астында ! Аналарымыз аман болсын!" - деді Шавкат Рахмонов.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдағанын жазған едік.
Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.
Жарыста отандық спортшы америкалық Джефф Нилді қылқындыру әдісімен ұтты.
Сонымен қатар Шавкаттың Рамазан айында қажылыққа атанғанын хабарлаған болатынбыз.
Ол Instagram stories-те Меккеде жүрген сәтінен фото жариялады. Кадрдан отандық спортшының шашын тықырлап алып тастағанын аңғаруға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2017152-qazylyqta-zurgen-savkat-raxmonov-anasymen-tusken-suretin-zariyalady-foto/