Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін екі боксшымыз шаршы алаңға шығады

Опубликовано:

Боксер Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: olympics.com

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан әлем чемпионаты басталады. Жарыстың алғашқы күнінде екі қазақ боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан командасының мүшелері Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) алғашқы жарыс күнінде шаршы алаңға көтеріледі.

Талғаттың қарсыласы - Сакда Руамтхама (15-жұп, А рингі), Айбектің қарсыласы - болгариялық Радослав Панталеев (17-жұп, Б рингі).

Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары төмендегідей:

48 келі. Санжар Тәшкенбай - Рабин Тхапа (Непал) / Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)

51 келі. Сәкен Бибосынов - Луис Дельгадо (Эквадор) / Дипак Бхория (Үндістан)

54 келі Махмұд Сабырхан - Довлет Муханов (Түрікменстан) / Иштван Сака (Венгрия)

57 кг. Серік Теміржанов - Илие Аргату (Молдова) / Абдул Батили (Мали)

63,5 келі. Санатәлі Төлтаев - Ахмад Штиви (Израиль)

67 келі. Дулат Бекбауов — Сибонело Ндзиманде (Эсватини) — Андрей Мустет (Румыния)

71 келі Асланбек Шымбергенов - Денис Нурья (Албания) / Аарон Принс (Тринидад және Тобаго)

75 келі. Нұрқанат Райыс - Марсел Майнль (Австрия) / Дельгадо де лос Сантос (Доминикан Республикасы)

80 келі. Нұрбек Оралбай - Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) / Шаббос Негматуллоев (Тәжікстан)

86 келі. Сағындық Тоғамбай - Мбели Нланду (Конго ДР)

+ 92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Алексей Дронов (Ресей).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2018849-bokstan-alem-cempionaty-bugin-eki-bokssymyz-sarsy-alanga-sygady/

pixel