Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Талғат Сырымбетов жарысты жеңіспен бастады

Опубликовано:

Талғат Сырымбетов қызыл жейдеде
Талғат Сырымбетов қызыл жейдеде. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшылар Ташкенттегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Команда мүшесі Талғат Сырымбетов алғашқы жекпе-жегінде қарсыластан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Талғат бірінші айналымда таиландтық Сакда Руамтхамамен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жек нәтижесінде қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, 1/16 айналымға өтті.

Айта кетелік, Талғат Сырымбетов Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ол ересектер арасындағы әлем біріншілігіне алғаш рет қатысып отыр.

Бүгін 92 келідегі Айбек Оралбай да шаршы алаңға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2018910-bokstan-alem-cempionaty-talgat-syrymbetov-zarysty-zenispen-bastady/

pixel