Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, келесі кезеңге өтті

Опубликовано:

Айбек Оралбай үзіліс кезінде. Ташкент, 1 мамыр 2023 жыл
Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ересектер арасындағы әлем біріншілігі басталды. Бірінші жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан екінші қазақстандық боксшы да жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай алғашқы айналымда болгариялық Радослав Панталеевпен қолғап түйістірген еді.

Аталған жекпе-жек Айбекке айтарлықтай қиындық тудырмай, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті. Тіпті, оның қарсыласы бірінші раундта нокдаун алып қалды.

Айта кетелік, Айбек Оралбай осы салмақтағы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы.

Осылайша, бокстан Қазақстан командасы алғашқы жарыс күнін сәтті бастап отыр.

Бұған дейін 60 келідегі Талғат Сырымбетов те таиландтық қарсыласын жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2018912-bokstan-alem-cempionaty-aibek-oralbai-qarsylasyn-nokdaunga-ziberip-kelesi-kezenge-otti/

pixel