Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: 2 мамыр күні шаршы алаңға қай спортшылар шығады

Опубликовано:

Сағындық Тоғамбай жекпе-жек барысында
Сағындық Тоғамбай: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталады. Қазақстан сапынан екі боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күндізгі сессияда қазақстандық Сағындық Тоғамбай (86 келі) аталған сындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Сағындықтың қарсыласы - Конго Демократиялық Республикасының өкілі Мбели Нланду.

Кешкі сессияда 63,5 келіде сынға түсетін Санатәлі Төлтаев шаршы алаңға шығады. Санатәлінің қарсыласы - израильдік Ахмад Штиви.

Айта кетелік, Ташкенттегі әлем біріншілігі 1 мамыр күні басталды. Алғашқы жарыс күнінде Айбек Оралбай (92 келі) мен Талғат Сырымбетов (60 келі) өнер көрсетіп, жеңіске жетті.

Бокстан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2018917-bokstan-alem-cempionaty-2-mamyr-kuni-sarsy-alanga-kimder-sygady/

pixel