Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз бұл жерге жай келгеніміз жоқ": әлем чемпионатының жүлдегерін жеңген Айбек Оралбай мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Айбек Оралбай пен Радослав Пантелеев арасындағы кездесу
Айбек Оралбай қызыл жейдеде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық Айбек Оралбай жеңіспен бастаған болатын. Алғашқы кездесуінен соң ол өз пікірін бөлісті, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір, бірінші күні бірінші жеңісімізге қол жеткіздік. Әлі алда бәрі. Бұдан да мықты қарсыластар бар. Мен жұдырықтасқан Болгария елінің өкілі 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Атақты кубалық Савонды жеңіп кеткен екен. Ендігі жекпе-жекте әлем чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық боксшыға қарсы шығамын. Бар күшімізді саламыз.

Біз бұл жерге жай ғана келгеніміз жоқ. Алланың қалауымен, алтын медаль алуға бар күшімізді саламыз. Бірінші кездесуде ағайларымның кеңесі бойыншы аяқпен қимылдап, алдыңғы қолмен жұмыс істедім. Бір-екі рет жақсы соққыларым өтті. Бізге жанкүйер болыңыздар. Елге көп алтынмен оралуды нәсіп етсін", - деді Айбек.

Айта кетелік, Айбек Оралбай бірінші кездесуде болгариялық боксшы Радослав Пантелеевті жеңді.

Ташкенттегі әлем біріншілігі 14 мамырға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2018952-biz-bul-zerge-zai-kelgenimiz-zoq-alem-cempionatynyn-zuldegerin-zengen-aibek-oralbai-malimdeme-zasady/

pixel