Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді (фото)

Опубликовано:

Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино
Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино. Фото: kff.kz

ФИФА президенті Джанни Инфантино Астана қаласына ресми сапармен келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның футбол федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында ФИФА президентін әуежайдан қарсы алу рәсімі көрсетілген кадрларды жариялады.

"ФИФА президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Қазақстан астанасына ұшып келді.

Ресми сапар барысында ФИФА басшысының Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған.

Сондай-ақ, Инфантино ҚФФ манежінде оқушылар арасында өтетін футболдан Ұлттық қыздар лигасының ашылу салтанатына қатысады.

Сонымен қатар, ФИФА және ҚФФ президенттері елімізде футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл Инфантиноның ФИФА басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2019133-fifa-prezidenti-dzanni-infantino-qazaqstanga-keldi-foto/

pixel