Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Дэвид Бекхэм өзінің психикалық бұзылысы барын жанкүйерге жасырмай айтты

Опубликовано:

Дэвид Бекхэм
Дэвид Бекхэм. Фото: instagram.com/davidbeckham

Англия құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм өзінің психикалық бұзылысқа ұшырағанын мәлімдеді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Футболшының айтуынша, оның денсаулығында обсессивті-компульсивті бұзылыс бар.

Бұл адамның күнделікті өміріне айтарлықтай әсер ететін белгілі бір ойлардың болуымен сипатталатын ауру.

Бекхэм осы сырқатына байланысты бірнеше сағат бойы тоқтамастан үй жинай беретінін мойындаған.

"Бәрі ұйықтап жатқанда мен үйді бір айналып шығамын. Жарықты қажетті режимге қойып, барлық жердің таза екеніне көз жеткіземін. Таңертең төмен түскенде жуылмаған ыдыс-аяқтың тұрғанын жек көремін. Май шамның балауызын қиып, ыдысын тазалаймын. Май шамның ішіндегі түтіннің орнын тазалау - менің жек көретін және сүйіп істейтін жұмысым. Мұның біртүрлі екенін де білемін. Барлық нәрсе өз орнында және өз жұбымен тұруы керек. Шырын құйылған банкаларды тоңазытқышқа қоямын. Егер олар мүлде көп болып кетсе, басқа орынға ауыстырамын. Бәрі мінсіз болуы керек", - дейді Бекхэм.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2019162-aigili-devid-bekxem-ozinin-psixikalyq-buzylysy-baryn-zankuierge-zasyrmai-aitty/

pixel