Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін команда капитаны жарысты бастайды

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев пен Ричард1
Қамшыбек Қоңқабаев пен Ричард Торрез жекпе-жегі. Фото: olympickz, Сали Сабиров

Бокстан Ташкенттегі әлем біріншілігінде төртінші жарыс күні басталды. Бүгін екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күндізгі сессияда Санатәлі Төлтаев екінші кездесуін өткізеді. 63,5 келіде бақ сынайтын Төлтаевтың қарсыласы - мавкриалық Ришарно Колин.

Санатәлі Төлтаевтың жекпе-жегі күндізгі сессияға жоспарланған. Ол рингке -13-жұпта көтеріледі.

Кешкі сессияда Қазақстан командасының капитаны, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев сынға түседі. Қамшыбектің қарсыласы - ресейлік Алексей Дронов.

Ташкенттегі әлем чемпионатында Қазақстан командасының бір спортшысы жарысты аяқтады. 60 келідегі Талғат Сырымбетов екінші айналымда жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019266-bokstan-alem-cempionaty-bugin-komanda-kapitany-zarysty-bastaidy/

pixel