Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ФИФА президенті Астанада оқушылар арасындағы турнирге қатысты

Опубликовано:

футбол
Фото: ҚФФ

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының президенті Джанни Инфантино Қазақстанға жұмыс сапары барысында JKFL жекеменшік мектептері мен академиялары арасында балалар турнирінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

Астана қаласындағы жекеменшік мектептер мен академиялар арасында JKFL жаңа маусымының ашылуы "Астана Арена" стадионында өтті.

Оған ФИФА президентi Джанни Инфантино мен ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қатысты.

Инфантино әлемде футболды дамыту үшін осындай турнирлерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ФИФА-ның бастауымен балалар футболы бағытында жүзеге асырылатын көптеген табысты бағдарламалар мен жобаларды мысалға келтірді.

Айта кетейік, JKFL жекеменшік мектептер мен академиялар арасындағы футбол лигасы 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен құрылған болатын.

Өткен маусымда JKFL лигасына 300-ден астам команда қатысты (5000-нан астам бала). Бұл балалар арасында футболға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2019270-fifa-prezidenti-astanada-oqusylar-arasyndagy-turnirge-qatysty/

pixel