Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннистен Әлем чемпионаты: Қазақстан іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты

Опубликовано:

бокс
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Қазақстандық теннисшілер ширек финалда Тайбэй командасын ұтты.

Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді (5:7, 6:3, 7:5). Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.

Екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді (6:0, 6:2).

Ертең, 5 мамыр күні Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен таласады. Олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.

Азия - Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2019404-tennisten-alem-cempionaty-qazaqstan-irikteu-turnirinin-zartylai-finalyna-syqty/

pixel