Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында ел қоржынына бірнеше медаль түсті

Опубликовано:

бозкілем
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте панкратионнан Әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Екіншісі жарыс күні отандық спортшылар алты алтын медаль жеңіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Чемпион атанған Ұлттық құрама спортшылары (элит бөлімі): Айдын Әбдібай (50 келі), Күндиас Сағындықова (+80 келі), Пердехан Шындалиев (57 келі), Мейірбек Төлегенов (62 келі), Сәбит Жүсіп (66 келі), Айдын Төлепбаев (77 келі).

Күміс жүлдегерлер: Аян Тұрсын (53 келі), Гулмира Азатбек (61 келі), Айкөрік Қуандықова (71 келі), Динара Оралбай (75 келі), Мереке Жүнісова (80 келі), Алмаз Сəрсембеков (62 келі), Ерканат Оспан (66 келі), Олжас Есқараев (77 келі), Самат Шағыраев (84 келі), Дияр Нұрғожай (92 келі), Шахмарал Жетпісов (+100 келі).

Қола жүлдегерлер: Жасұлан Әкімжан (71 келі), Руслан Сариев (71 келі), Асрориддин Мухриддинов (84 келі), Қайратбек Жарекеев (100 келі).

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа 500-дей спортшы жиналған. Оның ішінде 65 қазақстандық бар. Кеше, бірінші жарыс күні Ұлттық құрама 7 алтын, 12 күміс, 7 қола медаль жеңіп алған. Жалпыкомандалық есепте ересектер арасында Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019434-taskentte-otip-zatqan-alem-cempionatynda-el-qorzynyna-birnese-medal-tusti/

pixel