Бүгін бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының бесінші жарыс күні басталады. Шаршы алаңға үш қазақ боксшысы көтеріледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Күндізгі сессияда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Серіктің қарсыласы - малилік Абдул Батили.
Теміржанов пен Батили күндізгі сессияның шымылдығын ашып, шаршы алаңға бірінші болып шықпақ.
Сондай-ақ бүгін егіздер Айбек пен Нұрбек Оралбай да сынға түседі.
92 келідегі Айбек бұл чемпионаттағы екінші жекпе-жегін италиялық Мухиддин Азиз Аббеске қарсы өткізеді.
80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Нұрбек Оралбай әзірбайжандық Мұрад Аллахвердиевпен жұдырықтасады.
Ағайынды Оралбайлардың кездесуі кешкі сессияға жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019470-bokstan-alem-cempionaty-bugin-alemnin-vice-cempiony-zarysty-bastaidy/