Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан мен Ресей арасындағы ойынды қайдан көруге болады

Опубликовано:

хоккей
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 5 мамырда Астана қаласында Халықаралық Qazaqstan Hockey Open 2023 турнирі басталады. Қазақстан құрамасы алғашқы матчын Ресейге қарсы өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана уақытымен 19.20-да басталатын матчты қазақстандықтар Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы халықаралық турнир аясында 7 мамырда Беларусь құрамасымен ойнайды.

Айта кетейік, 13 мамырда ел құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды. Отандық хоккейшілердің қарсыластары: Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2019543-xokkeiden-qazaqstan-men-resei-arasyndagy-oiyndy-qaidan-koruge-bolady/

pixel