Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Теміржанов бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Серік Теміржанов алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандық боксшы 1/16 финалда Мали өкілі Абдул Карим Батилимен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте Серік Теміржанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Есеп 5:0.

Осылайша, қазақстандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің келесі кезеңіне жолдама алып отыр.

Айта кетейік, Серік Теміржанов 2021 жылғы Әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019549-serik-temirzanov-bokstan-taskentte-otip-zatqan-alem-cempionatyn-zenispen-bastady/

pixel