Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Қытай намысын қорғайтын қазақ баласы қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

Опубликовано:

Тоқтарбек Таңатхан қызыл жейдеде
Тоқтарбек Таңатхан қызыл жейдеде. Фото: iba.sport

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ спортшысы қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Тоқтарбек Таңатхан чемпионаттың 1/16 айналымында марокколық Мұхаммед Ассагирмен кездескен болатын.

Жекпе-жек Тоқтарбекке айтарлықтай қиындық тудырмай, кездесу екінші раундта аяқталды.

Осы аралықта Қытай намысын қорғайтын қазақ боксшысы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберген.

Таңатхан бірінші кездесуде Армения өкілін жеңген болатын. Енді ол 1/8 айналымда сынға түседі.

Айта кетелік, Тоқтарбек Таңатхан 75 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасында өнер көрсетті.

Ал Олимпиадаға іріктеу турнирінде ол қазақстандық Әбілхан Аманқұлға есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019617-bokstan-alem-cempionaty-qytai-namysyn-qorgaityn-qazaq-balasy-qarsylasyn-nokautpen-zendi-video/

pixel