Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатын жеңіспен бастаған отандық боксшы алғашқы жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: pavlodarnews.kz

Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастаған Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық боксшы өзін қолдаған барша жанкүйерге алғысын білдірді.

"Алғашқы жекпе-жегімде жеңіске жеттім. Мақсатым - әлем чемпионы болу. Жақсы дайындық өткіздік. Аға және жеке бапкерлеріммен ақылдасып, осы мақсатта тактика ұйымдастырдық. Оған бар күшімізді саламыз", - деді Серік Теміржанов.

Айта кетейік, Серік Теміржанов Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін малилік боксшыға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ол 2021 жылғы Әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019619-alem-cempionatyn-zenispen-bastagan-otandyq-bokssy-algasqy-zekpe-zegi-turaly-pikir-bildirdi/

pixel