Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: отандық боксшы Еуропа чемпионынан басым түсті (видео)

Опубликовано:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай: kfb.kz

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандық боксшы 1/16 финалда Әзербайжан өкілі, жастар арасындағы Еуропа чемпионы Мұрад Аллахвердиевпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі айналымына жолдама алды.

Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай өткен жылы Азия чемпионатында қола медальға ие болған еді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы 2018 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019632-alem-cempionaty-otandyq-bokssy-europa-cempionynan-basym-tusti/

pixel