Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының капитаны Ташкенттегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Опубликовано:

Асланбек Шымбергенов жекпе-жек барысында
Асланбек Шымбергенов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

71 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Асланбек Шымбергенов 1/16 финалда Тринидад және Тобаго өкілі Аарон Принспен жұдырықтасты.

Кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны қарсыласын еш қиындықсыз ұтты.

Осылайша, отандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алып отыр.

Енді ол 1/8 финалда Израиль намысын қорғайтын, ресейлік спортшы Капулер Мирославпен жекпе-жек өткізеді.

Еске сала кетейік, бүгін, 6 мамырда шаршы алаңға Дулат Бекбауов көтеріліп, қарсыласынан басым түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019680-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-taskenttegi-alem-cempionatyn-zenispen-bastady/

pixel