Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Әбілхан Аманқұл
Әбілхан Аманқұл. Фото: instagram.com/amankul.abilkhan

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әбілхан Аманқұл Мексиканың Сапопан қаласында өткен бокс кешінде яғни, Сауль Алварес және Джон Райдер арасындағы кездесудің андеркардында өнер көрсеткен.

Оның қарсыласы мексикалық Фабиана Риоса Фраусто болған. Супер жартылай салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Алайда Әбілхан кездесудің екінші раундында-ақ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.

Осылайша, Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Фабиан Риос Фраусто мансабында жетінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл әуесқой бокстан әлем чемпионатының (2017) және Азия ойындарының (2018) күміс жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионатының (2017) қола жүлдегері.

Ол әйгілі мексикалық боксшы Сауль Альварестің залында Эдди Рейносоның жетекшілігімен жаттығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019700-abilxan-amanqul-kasipqoi-bokstagy-kezekti-zenisine-qol-zetkizdi-foto-video/

pixel