Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жарысты бастайды

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жетінші жарыс күні басталады. Бүгін шаршы алаңға төрт қазақ боксшысы көтеріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күндізгі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дипак Кумарға қарсы шығады. 2021 жылғы әлем чемпионы бірінші кезеңде бос болып, жарысты екінші айналымнан бастауда.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов та рингке шығады. Оның екінші кезеңдегі қарсыласы - венгриялық Роланд Вереш.

Күндізгі сессияда 75 келідегі Нұрқанат Райыс та доминикандық Дельгадо де лос Сантосқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

Кешкі сессияда аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев сынға түседі. Оның қарсыласы - сириялық Мохаммед Млайес.

Күндізгі сессия 15:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019706-bokstan-alem-cempionaty-bugin-alem-cempiony-saken-bibosynov-zarysty-bastaidy/

pixel