Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан әлем чемпионаты: бүгін Сметов пен Әбужақынова татамиге шығады

Опубликовано:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Бүгін Катар астанасы Дохада дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты басталады. Алғашқы жарыс күнінде төрт спортшымыз татамиге шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін әйелдерден 48 келіге дейінгі, ерлерденн 60 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан сапынан Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 келі), Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов (60 келі) татамиге шығады.

Әбиба Әбужақынова жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы Тайпей мен Грекия спортшыларының белдесуінен соң анықталады.

Ал Ғалия Тынбаева бірінші кездесуінде әзірбайжандық Конул Алиеваға қарсы шығады.

Нұрқанат Серікбаев алғашқы айналымда молдовалық Александру Тирсинамен, Елдос Сметов түркменстандық Айбек Өміровпен белдеседі.

Белдесулер Астана уақытымен 14:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2019707-dzyudodan-alem-cempionaty-bugin-smetov-pen-abzaqynova-tatamige-sygady/

pixel