Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды (видео)

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Үндістан өкілі, Азия біріншілігінің жүлдегері Дипак Кумармен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде отандық боксшы төрешілердің шешімімен қарсыласына жол берді.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі кезеңіне шыға алған жоқ.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов - Токио Олимпиадасының жүлдегері және Сербияның астанасы Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019726-saken-bibosynov-alem-cempionatyndagy-algasqy-zekpe-zeginde-zenilip-qaldy/

pixel