Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Теміржанов Ташкенттегі әлем біріншілігінде бес дүркін әлем чемпионын ұтты

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: olympic.kz

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Серік Теміржанов екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандық былғары қолғап шебері 1/8 финалда Венгрия өкілі, кикбоксингтен бес дүркін әлем чемпионы, бокстан Еуропа біріншігінің жүлдегері Роланд Верешпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде Серік Теміржанов қарсыласын төрешілердің шешімімен ұтты.

Осылайша, қазақстандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі айналымына жолдама алды.

Айта кетейік, Серік Теміржанов 2021 жылғы Әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019731-serik-temirzanov-taskenttegi-alem-birinsiliginde-bes-durkin-alem-cempionyn-utty/

pixel