Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық спортшы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Опубликовано:

ауыр атлетика
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық құрама өкілі Алексей Чуркин Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Отандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қос сайыс нәтижесінде 340 келіні ырқыны көндірді.

Алексей Чуркин жұлқа көтеруден кейін 154 келімен 2-орында келе жатқан. Ал серпе көтеру сынында ол 4-сатыға түсіп қалды (186 келі).

Бұл - Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы 2-жүлдесі. Осыған дейін 55 келіге дейінгі салмақтағы Арли Чонтей де үздік үштіктен көрінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2019798-otandyq-sportsy-aziya-cempionatynda-qola-medal-zenip-aldy/

pixel