Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласынан ұтылып, әлем чемпионатын аяқтады

Опубликовано:

Сағындық Тоғамбай шаршы алаңда
Сағындық Тоғамбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбей екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сағындық Тоғамбай 1/8 финалда Өзбекстан боксшысы, жастар арасындағы әлем және Азия біріншілігінің жүлдегері Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде отандық былғары қолғап шебері төрешілердің шешімімен ұтылды.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалына шыға алған жоқ.

Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай - Азия чемпионатының жүлдегері және жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалисті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019805-qazaq-bokssysy-ozbekstandyq-qarsylasynan-utylyp-alem-cempionatyn-ayaqtady/

pixel