Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Реал" мен "Манчестер Сити" арасындағы алғашқы матчта жеңімпаз анықталмады

Опубликовано:

футболшылар
Бензема мен Холанд. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Реал Мадрид" өз алаңында "Манчестер Сити" клубын қабылдады.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матчта есепті 36-минутта карольдік ұжымның шабуылшысы Винисиус Жуниор ашты. Бразилиялық ойыншыға әріптесі Эдуардо Камавинга нәтижелі пас берді.

Араға отыз минуттай уақыт салып "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне таразы басын теңестірді.

Бұдан кейін де қос ұжым алма-кезек шабуылға иек артты. Алайда ойынның соңына дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Айта кетейік, "Манчестер Сити" мен "Реал Мадрид" арасындағы жауапты матч 17 мамыр күні өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2019856-cempiondar-ligasy-real-men-mancester-siti-arasyndagy-algasqy-matcta-zenimpaz-anyqtalmady/

pixel