Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан отандық боксшылардың қарсыласы кім

Опубликовано:

бокс
Дулат Бекбауов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан отандық боксшылардың қарсыласы анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана уақытымен 15.00-де басталатын күндізгі сессияда үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға көтеріледі.

Серік Теміржанов Куба өкілі Сайдел Ортамен, құрама капитаны Асланбек Шымбергенов франциялық Макан Траоремен, Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының жеңімпазы, Йордания боксшысы Хуссейн Эйшаиш Иашайшпен жұдырықтасады.

Ал кешкі сессияда төрт отандық боксшы сынға түспек. Алғашқы кездесуінде өзбек боксшысынан басым түскен Санжар Тәшкенбай жапониялық Кадзума Аратакемен, Махмұд Сабырхан ганалық Мохаммед Амадумен, Дулат Бекбауов мексикалық Мигел Анхель Мартинеспен және Қамшыбек Қоңқабаев Өзбекстанның мақтанышы Баходир Джалоловпен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Сәкен Бибосынов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019893-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-syqqan-otandyq-bokssylardyn-qarsylasy-kim/

pixel