Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асланбек Шымбергенов мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

71 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасының капитаны ширек финалда франциялық Макан Траоремен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен Асланбек Шымбергенов жеңіске жетті.

Осылайша, ол Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде ел қоржынына қола медаль салып отыр.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның жетеуі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019975-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-alem-cempionatynda-el-qorzynyna-algasqy-zuldeni-saldy/

pixel