Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына екінші медаль түсті

Опубликовано:

бокс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Нұрбек Оралбай ширек финалда Азия чемпионатының жеңімпазы, Йордания боксшысы Хуссейн Эйшаиш Иашайшпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрбек Оралбай Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдені ел қоржынына салды.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның жетеуі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019986-bokstan-alem-cempionatynda-el-qorzynyna-ekinsi-medal-tusti/

pixel