Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Милан" мен "Интер" арасындағы кездесудің нәтижесі қандай болуы мүмкін

Опубликовано:

Милан - Интер
Фото: Parimatch

«Милан» мен «Интер» арасындағы соңғы қақтығыс Чемпиондар лигасының жартылай финалының 2002/03 маусымында өтті. Ол кезде «россонерилер» қонақтағы гол санымен басым түсіп, финалға шыққаны мәлім, артынша жеңіспен лига чемпионы атанды. Содан бері ережелер өзгерді. Алдағы матчта бізді не күтіп тұрғанын біле жүріңіз.

«Милан»

Команда биылғы маусымда жақсы нәтиже көрсетуде. Сәуірде А сериясында «Наполиден» ұтылғаннан кейін «Милан» жақсы нәтижелер көрсете бастады. Кейінгі өткен матчтарда бірде-бір рет жеңілген жоқ - 5 рет тең ойнап, 4 рет жеңіске жетті. Әсіресе, қорғаушылар жақсы ойнады: 9 кездесудің ішінде «россонерилер» тек 4 соққыны жіберіп алып, өздері 13 гол соқты. Олардың бұл жетістігін салтанатты шеру деп атауға болмайды, бірақ команда мақсаты үшін соңына дейін баратынын, тіпті көшбасшы клубтардың «тынысын тарылтуы» әбден мүмкін екенін көрсетті.

Дегенмен, соңғы кездері «Милан» өзінің басты қарсыласынан артта қалып келеді. Осы маусымда «нерадзуррилермен» 3 кездесу өткізіп, «россонерилер» екі рет құр қол қайтқаны және Италия супер кубогынан айырылғаны белгілі. А сериясында да біраз тер төгуге тура келеді, себебі Чемпиондар лигасындағы іріктеудің соңғы қатарын «Интер» иеленуде - қуып жету қажет. Алдағы матчта кек алуға және қарсыластың рухын түсіруге тамаша мүмкіндік туындап отыр.

«Интер»

«Интер» 2009/10 маусымында жеңіске жеткеннен бері Чемпиондар лигасында ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаған. «Қызыл-қаралар» сияқты Индзагидің тәрбиеленушілері де қорғанысты күшейтіп, турнирдің соңғы 10 матчының 6-сында таза ойын көрсетті. Дегенмен «нерадзуррилер» қарсыластарына қарағанда өз көрсеткіштерін жақсартып алды - А сериясында 34 ойында 62 рет гол соқты. Сонымен қатар олар Италия суперкубогының финалында Миланды 0:3 есебімен жеңді.

Команда жартылай финалға 5 матчтық жеңістер сериясымен және көпшіліктің фавориті ретінде аяқ басты. «Интердің» қоржынында «Миланмен» өткен жеке кездесулер статистикасы да бар: соңғы 72 ойында қол жеткізген 30 жеңіс және артық 13 гол.

Қызықты деректер:

  • Екі команда да соңғы 6 матчта кемінде бір голдан соққан;
  • «Милан» өз алаңында өткен 9 матчта жеңіліп көрмеген;
  • «Интер» сыртта өткізген соңғы 7 ойынның ешқайсысында жеңілген жоқ;
  • Чемпиондар лигасындағы 5 кездесудің 4-інде «Милан» келесі кезеңге өткен немесе чемпион атанған.

Parimatch-тың ұсынатын коэффициенттері:

Милан - 3.10, тең ойын - 3.10, Интер - 2.55

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2019987-cempiondar-ligasy-milan-men-inter-arasyndagy-kezdesudin-natizesi-qandai-boluy-mumkin/

pixel