Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ баласы жартылай финалға жолдама алды

Опубликовано:

Руслан Абдуллаев
Руслан Абдуллаев. Фото: olamsport.com

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында тағы бір қазақ баласы жүлдеге ілікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

63,5 келі салмақта сынға түсетін Руслан Абдуллаев ширек финалды сәтті өткізді.

Ол франциялық Лунес Амрауиді 4:1 есебімен ұтып, өз мансабында алғаш рет әлемдік сынның жартылай финалына шықты.

Айта кетелік, Руслан Абдуллаев Өзбекстанда туылған этникалық қазақ. Ол 2019 жылы Қазақстан чемпионатында бақ сынап, жартылай финалда ұтылған.

Кейін карантин басталып, ол 2020 жылы Өзбекстанға қайта оралады. 2021 жылы сол елдің чемпионатында топ жарып, 2022 жылы Азия чемпионы атанды.

Ал бұл салмақта сынға түскен қазақстандық Саматәлі Төлтаев екінші кезеңде жарыс жолынан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019988-ozbekstan-namysyn-qorgaityn-qazaq-balasy-zartylai-finalga-zoldama-aldy/

pixel