Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай келесі кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Санжар Тәшкенбай ширек финалда жапониялық Кадзума Аратакемен жұдырықтасты.

Үш раунд бойы жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге ие болып отыр.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның жетеуі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020008-sanzar-taskenbai-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-syqty/

pixel