Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоңқабаев Өзбекстанның атақты боксшысынан жеңіліп, әлем чемпионанында жүлдесіз қалды (видео)

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев
Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған отандық боксшы ширек финалда Өзбекстанның атақты боксшысы, Олимпиада және әлем чемпионы, Азия біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы Баходир Джалоловпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен өзбек былғары қолғап шебері жеңіске жетті.

Осылайша, Токио Олимпиадасының жүлдегері, екі мәрте әлем біріншілігінде күміс медаль жеңіп алған Қамшыбек Қоңқабаев Ташкенттегі байрақты бәсекенің жартылай финалына шыға алған жоқ.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаевтан бөлек Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020027-qonqabaev-ozbekstannyn-ataqty-bokssysynan-zenilip-alem-cempionanynda-zuldesiz-qaldy/

pixel