Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дулат Бекбауов ширек финалда мексикалық Мигел Анхель Мартинеспен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, отандық боксшы Ташкенттегі байрақты бәсекенің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге ие болды.

Әлем чемпионатының 1/2 финалына Дулаттан бөлек Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай шықты.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020028-bokstan-taskentte-otip-zatqan-alem-birinsiliginde-qazaqstan-quramasy-bes-medal-zenip-aldy/

pixel