Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: бүгін жарыс жолына шыққан отандық спортшылардың нәтижесі қандай

Опубликовано:

Дидар Хамза
Дидар Хамза. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Қазақстанның намысын екі спортшы қорғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасында Дидар Хамза (90 келі) өнер көрсетіп, бірінші айналымнан аса алмады. Ол Молдова өкілі Дорин Готоноагаға есе жіберді.

"Кездесудің ортасына қарай "партерге" түсіп қалдым. Негізі "төрттағанда" төреші 1 минуттан көп уақыт бермейді, бірақ бұл жолы 2 минуттан аса уақыт күтті. Сөйтіп, "ұстап тұру" әдісімен жеңіліп қалдым", - деді Дидар Хамза.

Әйелдердің бәкесінде татамиге Анастасия Маякова (70 кг) шығып, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Пуэрто-Риконың 34 жастағы спортшысы Мария Перестен жеңілді.

"Белдесу басында "вазари" ұпайына түсіп қалдым. Кеткен есені қайтару үшін алға ұмтылдым. Бірақ шабуыл кезінде сәл кідіріп қалып, қарсыласым әдіс жасап кетті", - деп айтты Анастасия Маякова.

12 мамыр күні әлем чемпионатында екі отандық дзюдошы - Аруна Жангелдина (78 келі) мен Нұрлыхан Шархан (100 келі) өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020149-alem-cempionaty-bugin-zarys-zolyna-syqqan-otandyq-sportsylardyn-natizesi-qandai/

pixel