Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қырғызстандық Месси" алматылық "Қайрат" сапынан кетті

Опубликовано:

футболшы
Гүлжігіт Алықұлов жасыл алаңда. Фото: "Қайрат" футбол клубының ресми сайты

Алматылық "Қайрат" клубы сапынан Қырғызстан құрамасының ойыншысы Гүлжігіт Алықұлов кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі алматылық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысымен шарт тараптардың өзара келісімі бойынша ойыншының клубқа өтемақы төлеуімен бұзылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Гүлжігіт Алықұлов "Қайратқа" 2020 жылдың басында келді. Алматылық клуб сапында ол Қазақстан чемпионы және ел Кубогының иегері атанды. Сонымен қатар УЕФА Конференциялары лигасының топтық кезеңіне шықты.

Футболшыны спорт жанкүйерлері мен сарапшылар "қырғызстандық Месси" деп атайды.

"Қайрат» футбол клубы Гулжігіт Алықұловқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабында табысқа жетуіне шын жүректен ниет білдіреді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2020179-qyrgyzstandyq-messi-almatylyq-qairat-sapynan-ketti/

pixel