Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: жартылай финалға шыққан отандық боксшылардың жекпе-жегін қайдан көрсе болады

Опубликовано:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Бүгін, 12 мамырда бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана уақытымен 15.00-де басталатын күндізгі сессияда үш отандық боксшы шаршы алаңға көтеріледі.

Алдымен Санжар Тәшкенбай студенттер арасындағы әлем чемпионы, ресейлік Эдмонд Худоянмен жұдырықтасады.

Содан кейін Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы, кубалық Йосвани Витеямен, ал Дулат Бекбауов әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері, грузиялық Лаша Гурулимен жекпе-жек өткізеді.

Кешкі сессияда (19.00-де басталады) құрама капитаны Асланбек Шымбергенов үндістандық Нишат Девпен финал жолдамасын сарапқа салса, 80 келідегі Нұрбек Оралбай Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевқа қарсы шығады.

Отандық боксшылардың жекпе-жегін Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020217-alem-cempionaty-zartylai-finalga-syqqan-otandyq-bokssylardyn-zekpe-zegin-qaidan-korse-bolady/

pixel