Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы мен канадалық боксшы көз арбасты (видео)

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы мен Батлер. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы титулдық кездесуінің алдында канадалық Стивен Батлермен көз арбасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілішсі.

Белгілі болғандай, боксшылар титулдық жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында көз арбасқан.

"Оны боксшы ретінде құрметтеймін. Ол мені нокаутқа түсірем деп жатыр ма? Бірінші тура соққы дарытып алсын. Бұның өзін істеу оған қиын болады", - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Кездесуде отандық былғары қолғап шебері WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғайды.

Жәнібектің келесі қарсыласы кәсіпқой рингте 32 жекпе-жек өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020234-zanibek-alimxanuly-men-kanadalyq-bokssy-koz-arbasty-video/

pixel