Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың Ломаченкосы" Кубаның атақты боксшысын ұтып, әлем чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

боксшы
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Махмұд Сабырхан бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы, кубалық Йосвани Витеямен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде отандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Санжар Тәшкенбай секілді Ташкентте әлем біріншілігінің финалына шықты.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020301-qazaqtyn-lomacenkosy-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel