Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кубалық боксшымен Біржан ағамыз да кездескен": Махмұд Сабырхан жекпе-жектен соң мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан қызыл жейдеде
Махмұд Сабырхан қызыл жейдеде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан финалға шықты. Ол өзінің бұл біріншіліктегі басты мақсатын атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жанкүйерлерге рахмет! Алланың қалауымен финалға шықтым. Бұл жарыстағы менің мақсатым айқын. Бұйырса, әлем чемпионатының алтынын алғым келеді. Бүгінгі қарсыласым да өте қарымды. Кубалық боксшымен кезінде Біржан ағамыз да жұдырықтасқан. Бапкерлердің тапсырмасын орындап, қарсыласымды жеңдім. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге тағы да алғыс айтамын", - деді Махмұд.

Айта кетелік, Махмұд Сабырхан қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. 2021 жылы Сербияда өткен бірінішілікте ол финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтқан болатын.

Сабырханның финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Ойбек Жураев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020335-kubalyq-bokssymen-birzan-agamyz-da-kezdesken-maxmud-sabyrxan-zekpe-zekten-son-malimdeme-zasady/

pixel