Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финалға шыққан Махмұд Сабырханды Ташкенттегі қазақ жанкүйерлері ерекше қошеметпен қарсы алды (видео)

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан көк тумен
Махмұд Сабырхан. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бокстан әлем чемпионатының финалына шыққан Махмұд Сабырхан (54 келі) жекпе-жектен соң жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ташкентке жиналған қазақ жанкүйерлері Махмұдтың жеңісіне ерекше риза болып, оған көпке дейін ыстық ықыласын білдірді.

"Махмұд, жарайсың!", "Қазақ елі осындай!", "Қазақстан!!!", деп айғайлады жанкүйерлер.

Өз кезегінде Махмұд Сабырхан да қалың көпшілікке алғысын білдіріп, трибунада отырған бокс жанкүйерлерімен суретке түсті.

Айта кетелік, Махмұд Сабырхан қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Оның ақтық сындағы қарсыласы - өзбекстандық Ойбек Жураев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020341-finalga-syqqan-maxmud-sabyrxandy-taskenttegi-qazaq-zankuierleri-erekse-qosemetpen-qarsy-aldy-video/

pixel